А. ж. 9 қазанынан бастап Есіл ауданында басқару органдары, азаматтық қорғау қызметтері жұмысының практикалық дағдыларын пысықтауға және тексеруге бағытталған кешенді оқу-жаттығулар басталды. Аталған оқу-жаттығулар халықты және аумақты табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан (ТЖ) қорғауға қатысты Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің талаптарының орындалуын талдауға бағытталған.
Оқу-жаттығудың мақсаты басқару органдары мен азаматтық қорғау қызметтерінің ықтимал ТЖ салдарын жоюға дайындық деңгейін жетілдіру болып табылады. Үш күн ішінде жаттығуларға қатысушылар практикалық дағдыларды игеріп, теориялық сабақтардан өтеді.
Оқу-жаттығудың бірінші күні теорияға арналды. Күннің бірінші жартысында Ақмола облысының Төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері ауданның азаматтық қорғау қызметтерінің бастықтарымен азаматтық қорғаныс жоспарын және ТЖ жою жоспарын ресімдеу тақырыбында теориялық сабақтар өткізді.
Күннің екінші жартысында ауылдық округ әкімдерімен және ЖӘКО командирімен тәжірибелік сабақтар өтті, онда аудан картасында көрсетілген ТЖ жою жөніндегі шешімдер талқыланды.
10 және 11 қазанға қосымша практикалық жұмыстар жоспарланған, онда әр қызметке жеке кіріспе тапсырмалар беріледі.
Мұндай іс-шаралар ТЖ салдарын жоюдың ең жақсы жолдары мен тәсілдерін анықтауға, аудан құрылымдарын қабылдау эвакуациялық пункттерін әзірлікке келтіру және өрістету мерзімдерін қысқартуға көмектеседі.
Оқу-жаттығуларға полиция, жедел жәрдем, құтқарушылар және басқа да қызметтерді қоса алғанда, түрлі құралымдардың арнайы техникасы жұмылдырылғанын атап өткен жөн.
Осыған байланысты жергілікті тұрғындарға сабыр сақтауға және шындыққа сәйкес келмейтін ақпаратты таратпауға кеңес беріледі.