Ел үшін тарихи маңызы зор референдумға келдім – Қосшы қаласының қарт тұрғыны

Қария жастардың болашағы үшін дауыс бергенін айтты.

Ел үшін тарихи маңызы аса зор референдумда Қосшы қаласының ардақты ақсақалы, Ұлы Отан соғысының   ардагері, жасы 100-ге  жақындаған Нұрғасым Әжітаев та өз таңдауын жасап, №750 сайлау учаскесінде дауыс берді, – деп хабарлайды Aikyn.kz порталының тілшісі.

Өңірдің ең қарт тұрғындарының бірі Нұрғасым Әжітайұлы 1925 жылы бұрынғы Семей облысы (қазіргі Абай облысы) Абыралы ауданы Сарықамыс ауылында дүниеге келген. Жасы 100-ге тақаған қария  1943 жылдың 15 қаңтарында  Жаңасемей аудандық әскери комиссариатының шақыруымен әскер қатарына шақырылады. Сол жылы Новосібір қаласының мергендер мектебін бітіреді. Курск доғасындағы шайқастарда авиациялық қызметте атқыштар қатарында соғысқан. Берлинді алуға жасалған шайқастарға да белсене қатысқан. Ерлік істері үшін «Жапонияны жеңгені үшін», «2 дәрежелі Отан соғысы», «Кеңес Одағының Маршалы Жуковтың» медалімен марапатталған.

Бүгінде 7 баласы, 10 нөмересі және 9 шөбересі бар ардақты қария әлі тың. Сайлау учаскесіне алғашқылардың бірі болып енген қария елдің, ұрпақтың болашағы үшін дауыс бергенін жеткізді.

– Еліміздің амандығы, халқымыздың бірлігі мен татулығы – ең басты құндылық. Сондықтан бүгінгі тарихи күнде мен де өз таңдауымды жасау үшін референдумға келдім. Ең бастысы, еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын, – дейді ақсақал Нұрғасым Әжітаев.

Абзал АЛПЫСБАЙҰЛЫ,  Ақмола облысы

https://aikyn.kz/273906/el-ushin-tarihi-man-yzy-zor-referendumg-a-keldim—k-osshy-k-alasynyn—k-art-tu-rg-yny

By admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Читайте также