«Цифрлық нотариат» жобасы

«Цифрлық нотариат» жобасы

 

«Цифрлық нотариат» жобасы іске қосылған, бұл қызмет онлайн форматта нотариалды куәландырылған сенімхаттардың барлық түрлеріне ресімдеу жүргізуге мүмкіндік береді.

Нотариалды куәландырылған сенімхаттардың барлық түрлерін EGOV Mobile мобильді қосымшасы арқылы онлайн ресімдеуге болады, жаңа сервис – «цифрлық нотариат» қосымшада қолжетімді.

«»Цифрлық нотариат» жобасы сенімхат алу процесін цифрландыруға мүмкіндік береді, сондай-ақ азаматтардың орналасқан жеріне қарамастан, оның ішінде шетелде жүрген азаматтар үшін ыңғайлылықты жеңілдетеді және арттырады. Ол үшін EGovMobile-ға кіріп, нотариусқа бейне қоңырау шалу жеткілікті. Тиісті тексеру биометриялық сәйкестендіру және ЭЦҚ-ға қол қою арқылы жүзеге асырылады» — дейді спикер Әлмеш.

Бұл қызметті кез келген нотариус өтініш берген сәтте еркін көрсете алады. Цифрлық сенімхатты барлық мемлекеттік органдарда немесе талап ету орны бойынша қағаз аналогымен теңестіруге болады.

Сондай-ақ, egovmobile мобильді қосымшасында «нотариаттық онлайн консультация» сервисі енгізілді.

Онлайн-кеңес беру арқылы азаматтар үйден немесе кеңседен шықпай-ақ нотариаттық қызметке қатысты заңды сұрақтарға жауап ала алады.

Нотариустар кез-келген сұрақтарға жауап береді, бұл уақытты үнемдеуге ыңғайлы уақытта сенімді ақпарат алуға көмектеседі.

«Жобаның мақсаты — нотариаттық қызмет көрсетудің ыңғайлылығын, жеделдігі мен тиімділігін арттыру болып табылады. Бұл қызмет әмбебап және құзыретті құқықтық қолдауды қажет ететіндердің барлығына өте пайдалы болады» — деп түсіндірді Ақмола облысы Әділет департаментінің басшысы Баукен Әлмеш.

By admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Читайте также