Цифрлық білім беру: Ақмола облысындағы инновациялық технологиялар мен жеңістер

Ақмола облысы білім басқармасы «Цифрлық білім беру: қазіргі заман мектебіне арналған инновациялық технологиялар» тақырыбында семинар-көрме ұйымдастырды. Бұл іс-шара білім беру саласында ақпараттық технологияларды тиімді пайдалану мен дамытуға бағытталды. Көрмеде қатысушылар жаңа білім беру платформаларымен, қосымшалармен танысып, педагогтардың кәсіби дамуына көмектесетін цифрлық шешімдерді зерттеді.

Көрменің негізгі мақсаты — қазіргі заманғы білім беру технологияларын насихаттау, педагогтардың цифрлық құралдарды меңгеруі арқылы кәсіби өсуіне ықпал ету және білім беру процесіне цифрлық технологияларды тиімді енгізудің озық тәжірибелерімен бөлісу. Іс-шара барысында мектептердегі білім беру сапасын арттыру мен цифрлық құзыреттілікті дамыту үшін жаңа инновациялық шешімдер ұсынылды.

Іс-шараға қатысушылар арасында Ақмола облысының білім алушыларының халықаралық жарыстардағы жетістіктеріне ерекше назар аударылды. Бурабай ауданы Қызылағаш ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің информатика пәнінің мұғалімі Әбілжанов Нұржан Ғалиұлы өз шәкірттерінің робототехника саласында жеткен биік нәтижелерін мақтанышпен жеткізді.

«Fibonacci International Robot Olympiad» халықаралық олимпиадасында Нұржан Ғалиұлының жетекшілігімен қатысқан оқушылар Қазақстанның атын жоғары қойды. Олимпиадада 240 команданың арасынан екінші орын алып, Азия чемпионатына жолдама алды. Осы жарыстағы табысты нәтижелері оларды әлемдік додада жеңімпаз болуға жеткізді. Абылайхан мектебінің оқушылары әлемнің үздік робототехниктерімен бәсекелесіп, өз шеберліктерін танытты.

Бұдан бөлек, Шоқан Уәлиханов атындағы университеттің бірінші курс студенттері Абылайхан мектебінің бұрынғы оқушылары Қаппасов Дидар мен оның командасы да Италияда өткен «Fibonacci International Robot Olympiad» жарысынан жеңіспен оралды. Дидар жарысқа қатысып, өзінің командасымен бірінші орынды иеленді. Оқушылардың айтуынша, жарыс өте қиын болған, алайда олар өз білімдері мен тәжірибелерін тиімді қолдана отырып, жеңіске жетті. Бұл жетістік олардың тек мектеп деңгейінде емес, халықаралық аренада да өздерінің шеберліктерін дәлелдегенін көрсетт

By admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Читайте также