Целиноград ауданы: мәдени даму және болашаққа инвестиция

 

Астанаға іргелес орналасқан Целиноград ауданы – бай мәдени мұрасы мен заманауи бастамалары үйлескен аудан ретінде танымал. Ауданның мәдени әлеуетін дамыту мақсатында 21 мемлекеттік мәдениет нысаны жұмыс істейді. Олардың қатарында 14 кітапхана, тілдерді оқыту орталығы және балаларға арналған коворкинг орталығы бар. Басқа да мәдениет жаңалықтары жайлы брифинг барысында аудан әкімінің орынбасары Жәнібек Толқынбек мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметінен.

Ауданның алыс жақын ауылды жерлерінің мәдениет үйлеріне музыкалық жабдықтар сатып алуға облыстық бюджеттен 10 миллион теңге бөлінді. Бұл қолдау мәдениет саласының өнер адамдары үшін маңызды. Сонымен қатар, ауданға мәдениет қызметкерлерін тарту жұмысы да жалғасуда. «Дипломмен – ауылға!» бағдарламасы аясында алты жас маман ауданның мәдени мекемелерінде жұмыс атқарып жүр.

«2024 жылы аудан аумағында 8 мыңнан астам мәдени іс-шара ұйымдастырылып, 690 мыңнан астам адам қатысты. Жергілікті өнер ұжымдары «Дүниежүзілік көшпенділер ойындары – 2024» сияқты халықаралық жарыстарда өнер көрсетті. Ауданда 233 клубтық құрылым бар, оларда 3 мыңнан астам адам шығармашылықпен айналысады. Тек 2024 жылдың өзінде аудан өкілдері түрлі байқауларда 30 гран-при мен 71 жүлделі орынға ие болды», деді аудан әкімінің орынбасары.

Целиноград ауданында өзге ұлттардың көп шоғырланғанына қарамастан ұлттық тілге деген құрмет те басты назарда. Мәселен ауданда «Целиноград ауданының тіл саясатын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы» жүзеге асырылуда.

Айта кету керек, Целиноград ауданында өткен жылы Нұресіл ауылындағы мәдениет үйіне жөндеу жұмыстары аяқталды, ал Жаңаесіл ауылында күрделі жөндеу жалғасуда. Сондай ақ бұл жұмыс ары қарай өз жалғасын табуда. Келешекте 2024-2028 жылдарға арналған Астана агломерациясын дамыту жоспары аясында сегіз жаңа мәдениет үйін салу көзделген.

By admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Читайте также