Ақмола облысында су тасқынына қарсы штаб іске қосылды
Ақмола облысында алдағы көктемгі су тасқынына дайындық жұмыстары белсенді жүргізілуде. 28 наурыздан бастап облыстық Төтенше жағдайлар Департаментінің дағдарыс орталығында облыстық су тасқынына қарсы штаб құрылды, – деп хабарлайды Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметі. Аудан аумағындағы су тасқыны жағдайының қолайсыз дамуымен байланысты ТЖ-ға әсер ететін факторлар туралы ақпаратты жинау және қорыту штабтың міндетіне кіреді. Сондай-ақ, жұмыс тобы Гидротехникалық құрылыстарды тасқын сулармен толтыруға, олардың өзен арналары арқылы өтуіне мониторинг жүргізеді. Су айдындарындағы су деңгейі көтерілген жағдайда су басу аймағына түсетін аудан әкімдіктері мен халықты дереу хабардар етеді. Департамент су тасқынына 445 адам, 84 бірлік техника, 12 жүзу құралы, 97 мотопомпа қарсы күштер…