Ақмола облысында сәулет-құрылыс бақылау жұмысы қалай жүргізілуде
Ақмола облысында сәулет-құрылыс бақылау жұмысы қалай жүргізілуде 2024 жылдың 6 айында Ақмола облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы 58 жоспардан тыс тексеру жүргізген, анықталған бұзушылықтарды жою қажеттілігі туралы 41 нұсқама берілген, оның ішінде мемлекеттік объектілерде бар. Бұл туралы «Ақмола облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы» ММ басшысы Бахидбек Оспанбеков баяндап берді. Басқарма 74 құрылыс субъектісіне қатысты әкімшілік ықпал ету шараларын қабылдаған. Жобаға және құрылыс сапасына сәйкес келмегені үшін 12 мердігер ұйым және техникалық қадағалауды жүзеге асыратын 2 тұлға жауапкершілікке тартылды. Мемлекеттік тапсырыс объектілері бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасын тексерумен елеулі бұзушылықтар анықталды. Ақмола облысы Степногорск қаласының Қарабұлақ ауылында мәдениет үйінің құрылысы – обектісі…