
Ақмола облысының инфрақұрылымын цифрландыру және дамыту
Ақмола облысы соңғы жылдары инфрақұрылымның цифрландыруы мен дамуына ерекше көңіл бөле отырып, өңір тұрғындары үшін байланыс және интернет қызметтерінің қолжетімділігін айтарлықтай жақсартты. Қазіргі уақытта облыс елді мекендерінің 97,3%-ы интернет желісіне қосылған, ал ұялы байланыспен қамтылған аумақтар 98,3%-ды құрайды. Бұдан бөлек, облыс аумағындағы 71,6% елдімекен кең жолақты мобильді интернетпен қамтамасыз етілген. Облыста телекоммуникациялық желілердің жаңғыртылуы аясында, соның ішінде жаңа 5G базалық станцияларын орнату жұмыстары жалғасуда. Жоспар бойынша 56 станцияның 11-і қазірдің өзінде жұмыс істейді, жыл соңына дейін олардың саны тағы 3-ке арттырылмақ. Көкшетау қаласында 5G желісі қолданысқа енгізіліп, байланыс және интернет қызметтерінің сапасын айтарлықтай арттырды. Ұялы байланыс жүйесін кеңейтуге бағытталған жобалар…