
Жақсы ауданында екі жаңа дәрігерлік амбулатория ашылды
Жақсы ауданында екі жаңа дәрігерлік амбулатория ашылды Жақсы ауданының Новокиенка және Киевское ауылдарында екі жаңа дәрігерлік амбулатория ашылды. Бұл оқиға шалғайдағы ауылдардың тұрғындары үшін медициналық қызмет көрсету сапасын жақсарту мен қолжетімділігін арттыруда маңызды қадам болып отыр, деп хабарлайды Өңірлік коммуникация қызметінен. Жаңа амбулаториялар заманауи медициналық құрал-жабдықтармен және жиһазбен жабдықталған, олар барлық нормативтік талаптарға сәйкес келеді. Толықтай компьютерлендірілген жүйе мен интернетке қосылу медициналық қызметтердің цифрландырылуын жоғары деңгейде қамтамасыз етеді. Бұл тұрғындар үшін медициналық ақпаратқа жылдам қол жеткізуді және күту уақытын қысқартуды қамтамасыз етеді. Амбулаториялардың ашылуына жергілікті әкімшілік өкілдері, медицина қызметкерлері және ауыл тұрғындары қатысты. Тұрғындар бұл нысандардың ауылдық аймақтар үшін маңыздылығын…