
Жібек Жолы ауылында табиғи газ іске қосылды
Жібек Жолы ауылында табиғи газ іске қосылды Ақмола облысының Аршалы ауданында 17 елді мекенді газдандыру жұмыстары жалғасуда. Ақмола облысының Жібек Жолы ауылында орталық газ құбыры қосылды. Газ құбырының жалпы ұзындығы 234,9 шақырымды құрайды. Жібек Жолы ауылын газдандыру жобасы бойынша ауылға сағатына 6 882 м³ газ жеткізіледі. Жоба аясында 6 ПГБ (қысым реттегіш бекет) және 57 ГРПШ (газ тарату пункті) орнатылды. Бұл газбен қамту жұмыстары нәтижесінде 7 000 отбасы газға қосылады деп күтілуде. Алғашқы газға қосылған Эльвира мен Есиркепбай Оразовтар отбасы. «Бұл біздің отбасы үшін өте қуанышты оқиға. Бізбен бірге 5 немереміз тұрады, бұл біз үшін күткен сәт болды», — дейді…