
Ақмола облысының құтқарушылары 38 дауылды ескертуге әрекет етті
Қыс мезгілінің басталуымен Ақмола облысында ауа райына байланысты сын-қатерлер басталды. Боран, тұман, көктайғақ және желдің екпіні – мұның бәрі өңірдің автожолдарындағы төтенше жағдайларға себеп болды. Алайда, жедел әрекет ету және алдын-алу шаралары қысқы апаттардың санын азайтуға көмектеседі. Бұл туралы Ақмола облысы ТЖД ТЖЖБ бастығының міндетін атқарушы Дулат Қайыртаев брифингте мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметінен. Жағдайды бақылау және жедел әрекет ету үшін 11 қарашадан бастап Төтенше жағдайлар департаменті базасында облыстық жедел штаб жұмысын бастады. Ал 2 желтоқсаннан бастап облыстың азаматтық қорғаныс аумақтық жүйесі күшейтілген дайындық режиміне көшірілді. Қыс басталғалы «Қазгидрометтен» алынған 38 дауылды ескертуге уақытылы әрекет етіліп, автожолдардың 82…