
Жыл қорытындысы: «Таза Қазақстан» экология болашағы үшін миллиондаған адамды біріктірді
Жыл қорытындысы: «Таза Қазақстан» экология болашағы үшін миллиондаған адамды біріктірді Primeminister.kz сайтының редакциясы еліміздің 2024 жылғы даму қорытындылары туралы жарияланымдар сериясын жалғастырады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен биылғы сәуір айында республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы бастау алды. Іс-шара еліміздегі экологиялық ахуалды жақсартуға, халықтың экологиялық мәдениеті деңгейін арттыруға және азаматтарды қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне тартуға бағытталған. Акция еліміздің барлық өңірін қамтып, тұрақты экологиялық болашақ негізін қалады. Осы жылдың наурыз-қараша айлары аралығында ұйымдастырылған акция 5,83 млн-нан астам адамның басын біріктірді, бұл – ел халқының едәуір бөлігін құрайды. Іс-шаралар аясында жаппай сенбіліктер өткізілді, олардың барысында 1,1 млн тоннадан астам қоқыс жиналып, 1,6…