
Транзиттік әлеует артып келеді
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев былтырғы «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауында еліміздің дамуының 9 негізгі бағытын белгілеп, Үкіметке, жергілікті атқарушы және өкілетті органдарға солар бойынша тиімді жұмыс істеуді тапсырды. Осы Мемлекет басшысы Жолдауында айтылатын келелі мәселенің бірі – көлік-логистика секторын дамыту болып табылады. «Бұл стратегиялық мәні айрықша басымдық. Автокөлік жолдарының жай-күйі – өзекті мәселе. Биыл елімізде 12 мың шақырымға жуық жол салынып, жөнделіп жатыр. 2,5 шақырымға созылатын облысаралық және ауданаралық жолдарды орта деңгейде жөндеуге арналған бағдарламаның мән-маңызы зор. Дәл осы жолдармен жұрт өте жиі жүреді. Сондықтан, бағдарламаның ауқымын кеңейтіп, оған…