
Есіл ауданында екі дерігерлік амбулатория салынып жатыр
Есіл ауданы денсаулық сақтау жүйесін дамытып, ауыл тұрғындары үшін медициналық қызметтерді қолжетімді етуде. 2024 жылы «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында Ақсай және Свободный ауылдарында дәрігерлік амбулаториялардың құрылысы басталды. Аудандағы медициналық ахуалдың мән жайын аудан әкімінің орынбасары Ерлан Сыздықпаев брифинг барысында мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметінен. Жалпы екі жаңа медициналық нысанның әрқайсысы бір ауысымда 40 адамды қабылдай алады. Бұл жергілікті тұрғындар үшін медициналық көмекті қолжетімді ете түспек. Бүгінде аудан бойынша 29 медициналық мекеме жұмыс істейді, оның ішінде 65 төсек-орындық Есіл аудандық ауруханасы бар. Денсаулық сақтау саласында 340 медицина қызметкері еңбек етуде, бірақ тағы 14 маман қажет.…