
*2025 жылғы 1 наурыздан бастап* әрбір қазақстандықтың мұқтаж жандарға өтеусіз көмек көрсетуге жеке қатысуы арқылы қайырымдылық және волонтерлік мәдениетті дамытуға бағытталған «Игі істер марафоны» жобасы (бұдан әрі - марафон) іске қосылды. Марафон ағымдағы жылдың *1 наурызы мен 1 желтоқсаны аралығында* өтеді. Жоба аясында «Игі істер» күнтізбес» әзірленіп, тақырыптық іс-шаралар өткізу жоспарланған. Сондай-ақ www.qazvolunteer.kz платформасында *«Мейірімділік көрсеткіші»* тетегі орналастырылады, ол «игі істердің» жалпы санын есептейді. Ағымдағы жылдың желтоқсан айының бірінші онкүндігінде *7 негізгі номинация* («Жүректен жүрекке», «Қоғам игілігі үшін», «Салауатты қоғам», «Жақсылықтың жаршысы», «Инклюзивті келешек», «Табиғат қорғаушысы», «Жануарлар жанашыры және *6 арнайы номинация* («Ең мейірімді аймақ», «Ең мейірімді ауыл», «Ең мейірімді…