
Қазақта өлім жазасының орнына «құн төлеу» болған — Жеміс Тұрмағамбетова
Халқымызда өлім жазасының орнына «құн төлеу» жазасы болған. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне «Адам құқығына арналған хартия» қоғамдық қорының директоры Жеміс Тұрмағамбетова айтып берді. «Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен елімізде өлім жазасының күші жойылды. Бұдан бөлек, Қылмыстық кодекс, Қылмыстық іс жүргізу кодексі мен Қылмыстық атқару кодекстеріне түзетулер енгізіле бастады. Мен осыны Президент Тоқаевтың гуманитарлық актісі және гуманитарлық миссиясы деп айтар едім. Сондай-ақ соңғы жылдары елімізде өлім жазасы түрінде жазаға әкелуі мүмкін қылмыстардың саны азайғанын ерекше атап өтер жайт. Жалпы мен 1995 жылдан бері Қазақстанның Өлім жазасының күшін жоюға бағытталған азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактінің екінші факультативтік хаттамасына қосылу және…