
Мәжіліс референдумдағы бюллетеньдерге қатысты құжатты мақұлдады
«Республикалық референдум туралы» Конституциялық заңға өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» заң жобасы мақұлданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Заң жобасы республикалық референдум өткізу кезінде пайдаланылатын бюллетень нысандарын біріздендіру мақсатында әзірленді. Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясы отырысында Конституцияға енгізілетін өзгерістер бойынша республикалық референдум өткізуді ұсынды. Бұл - орынды ұсыныс, қоғам өмірінің неғұрлым маңызды мәселелеріне қатысты шешімдерді бүкілхалықтық дауыс беру арқылы шешу – халық билігінің әділетті қоғам құруының айрықша көрінісі», - деді Мәжіліс депутаты Берік Бекжанов. Оның айтуынша, заң жобасына референдумға қойылған мәселелерді қамтитын бюллетендердегі бірде-бір жауап белгіленбеген нұсқаларын жарамсыз деп тану нормасы енгізіледі. Сонымен қатар ұсынылған жауаптардың барлық нұсқалары белгіленген бюллетендер жарамды…