
Мәжіліс пен мәслихат сайлауы: Үгіт-насихат кезеңі басталды
АСТАНА. ҚазАқпарат – ҚР Парламенті Мәжілісі және барлық деңгейдегі мәслихаттар сайлауына түсетін кандидаттар мен партиялар үшін үгіт-насихат кезеңі басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Орталық сайлау комиссиясы хабарлағандай, сайлау алдындағы үгіт-насихат 18 ақпанда сағат 18:00-де басталды. Аталған науқан 18 наурыз сағат 00:00-ге дейін жалғасады. 18 наурыз – тыныштық күні, ал 19 наурыз – сайлау өтеді. «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 112-бабының 5-бөлігіне сәйкес сайлауға қатысатын кандидаттардың, саяси партиялардың үгіт материалдарын бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жариялау немесе эфир алаңын берудің шарттары бар. Тәртіп бойынша сайлау алдындағы үгіт жүргізу басталардан бес күн бұрын хабарламаған және жарияламаған, сондай-ақ сайлау комиссиясына төлем мөлшері туралы мәліметтерді…