
Әлеуметтік сауалнама: Президенттің референдум өткізу туралы идеясын қазақстандықтардың 84%-ы қолдайды
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі ағымдағы жылғы 24-29 мамыр аралығында алдағы референдум мәселелері бойынша кезекті онлайн-сауалнама өткізді. Зерттеулер Мемлекет басшысының бастамаларын қолдаудың және бүкілхалықтық дауыс беру күні жақындаған сайын референдумның ел өміріндегі маңыздылығын түсінудің артқанын көрсетті. Мәселен, әлеуметтік сауалнама нәтижелері бойынша қазақстандықтардың 83,92%-ы Мемлекет басшысының Конституцияға түзетулер енгізу бойынша референдум өткізу туралы ұсынысын қолдайды. Бұл биыл мамыр айының ортасында ОКҚ жүргізген алдыңғы зерттеу көрсеткіштерінен 12%-ға артық. Сауалнамаға қатысқан қазақстандықтардың 86,86%-ы дауыс беру ағымдағы жылдың 5 маусымында өтетінін біледі. Халықтың хабардар болу деңгейі 8%-ға артқан. Қазақстандықтардың 76,51%-ы дауыс беруге қатысуға ниетті. Сауалнама көрсеткендей, қазақстандықтардың 79,10%-ы ұсынылған конституциялық түзетулер пакетін қолдайды. Мемлекет басшысының саяси бағытын қолдау деңгейі…