
Бұланды ауданында су тасқынының қаупі бойынша болжамдар айтылды
Бұланды ауданында су тасқыны қаупіне дайындық бойынша кешенді шаралар жүзеге асырылуда. Бұл туралы аудан әкімінің орынбасары Ораз Смағұлов брифингте мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметінен. «Аудан аумағында су басу қаупі бар 12 елді мекен орналасқан. Инженерлік қорғаудың кешенді жоспарын іске асыру аясында 23 учаскеде жұмыстар жүргізілді, оның ішінде арық жүйелерін тазарту, қорғаныс бөгеттерін салу және су өткізу құрылыстарын орнату шаралары атқарылды», – деді Ораз Смағұлов. Айтуынша, Макинск қаласында арық жүйелерін тереңдету және су өткізу құбырларын орнату жұмыстары жүргізілді. Қараөзек, Күпчановка және Новобратское ауылдарында өзен жағалауларын нығайту жұмыстары атқарылды, бұл су тасқыны қаупін барынша азайтуға мүмкіндік береді. …