«Ревакцинацияға арналған жаңа вакцина келесі аптада келеді» — Нариман Сыздықов
Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстанға Covid-19-ға қарсы "Спутник Лайт" вакцинасының 150 мың дозасы жеткізілгенін хабарлады. Облыстың бас дәрігері Нариман Сыздықов вакцина келесі аптада аймаққа келетінін айтты, деп хабарлайды өңірлік коммуникациялар қызметі. Ведомство басшысы облыстық вакцинация пункттерінде қандай вакциналарды егуге болатындығын еске салды. "Ревакцинацияны "Спутник V", "Спутник Лайт", "QazVac", сондай-ақ "VeroCell"вакциналарымен жүргізуге болады. Вакцинаны таңдау - әр азаматтың құқығы. Халықаралық сертификатты алу үшін азаматтар жиі "VeroCell"пайдаланады. Алайда, зерттеулерге сәйкес, оның тиімділігі отандық "Qazvac" вакцинасына қарағанда төмен", - деп атап өтті Н. Сыздықов. Айта кетейік, ревакцинацияға арналған жаңа вакцина келесі аптада келеді. "Біз қазір қабылдау жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Келесі аптада "Спутник Лайт" ревакцинациясы…