Қазақстанда Мәжіліс пен мәслихат депутаттарын сайлау басталды
Қазақстанда Мәжіліс пен мәслихат депутаттарын сайлау басталд ҚазАқпарат – Бүгін қазақстандықтар Парламент Мәжілісі мен мәслихат депутаттарын сайлайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 19 қаңтар күні Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Парламентінің жетінші сайланған Мәжілісін тарату туралы Жарлық шығарды. Мәжіліс құрамында 107 депутат бар еді. Ал жаңадан жасақталатын Мәжілісте Қазақстан халқы Ассамблеясы атынан сайланатын 9 мандат қысқарып, 98 депутат қалады және олардың өкілеттік мерзімі – бес жыл болмақ. Енді Мәжіліс депутаттарының 70 пайызы партиялық тізім арқылы, ал қалған 30 пайызы – бірмандатты округтерден сайланады. Үміткерлер сайлауға партиялар мен үкіметтік емес ұйымдар атынан қатыса алады және өзін-өзі ұсынуға мүмкіндік алады. Облыстардың, республикалық маңызы бар…