«ҚАЖсервис» Ақмола облыстық филиалының бас инженері «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды.
«ҚАЖсервис» ЖШС Ақмола облыстық филиалының бас инженері Айтқожа Назарұлы Сүлейменов Қазақстан Президентінің қолынан «Ерен еңбегі үшін» медалін алды.
Айтқожа Сүлейменов 1962 жылғы 1 наурызда Қостанай облысында дүниеге келген. Ол Рудный индустриялық институтын «өндірістік және азаматтық құрылыс» мамандығы бойынша бітірген. Құрылыс және жол саласында 40 жылдан астам уақыт еңбек етіп келеді. Өз еңбек жолын автопарк жүргізушісінен бастап, біртіндеп басшылық лауазымдарға дейін көтерілді.
2010 жылдан бері ол өз қызметін автожол саласымен байланыстырды. Ақмола облыстық «Қазахавтодор» филиалында жұмыс істеп, кейін «ҚазАвтоЖол» АҚ мен «ҚАЖсервис» мекемелерінде қызмет атқарды. 2024 жылдың қазан айында Көкшетаудағы «ҚАЖсервис» филиалының бас инженері болып тағайындалып, осы күнге дейін аталған қызметті абыроймен атқарып келеді.
Әріптестері оны жол инфрақұрылымының үздіксіз жұмысын қамтамасыз ететін, тәртіпті, техникалық сауатты және ұжым ішінде үлкен беделге ие жоғары білікті маман ретінде сипаттайды.
Президент тарапынан берілген марапат — Айтқожа Сүлейменовтің көп жылғы еңбегінің, Қазақстандағы жол саласының дамуына қосқан үлесінің және жас мамандарға тәлімгерлік ету жолындағы қажырлы қызметінің жоғары бағалануы.