Азаматтық қоғам жаңашылдықты қалайды

Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы реформаларды түсіндіру мәселелеріне арналған «Референдум өткізудің мақсаты мен тәртібі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Оқу ордасының оқытушылар құрамы мен студенттері қатысқан жиында «Қазақстан тарихы және Қазақстан халықтарының мәдениеті кафедрасының» меңгерушісі, тарих ғылымдарының кандидаты Зәуре Ақтамбердиева, «Құқық» кафедрасының меңгерушісі Бақытжан Қуандықов, т.б. қатысушылар референдумға қатысты пікірлерін білдіріп, Ата Заңға енгізілетін өзгерістерге байланысты ұсыныстарын ортаға салды.
Дөңгелек үстелге қатысқандар Президент Қ.Тоқаевтың Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы республикалық референдум өткiзудің мән-маңызын және азаматтық қоғамды дамыту, халықтың мемлекеттік басқаруға қатысу белсенділігін ынталандыру мәселесі туралы бастамасына қолдау білдірді.
Конституция реформасы мемлекеттің барлық моделін кешенді түрде трансформациялауға бағытталған. Өзгерістер суперпрезиденттік басқару формасынан ықпалды Парламент пен жауапты үкіметі бар президенттік республикаға өтуді қамтамасыз етпек. Сонымен қатар адам құқықтарын қорғауды күшейту мақсатында «Конституциялық сот» және «Адам құқықтары бойынша уәкілетті орган» деген екі жаңа бап енгізілмек. Одан кейін сайлау жүйесі өзгерейін деп отыр. Енді кез келген қазақстандық азамат өзін депутаттыққа ұсынуға мүмкіндік алатын болады.
Жаңашылдықтың тағы бірі – жер мәселесіне қатысты өзгерістер. Қазіргі заң бойынша жер мемлекет меншігі болып саналады. Енді жер, су көздері мен басқа да табиғи ресурстар халыққа тиесілі болмақ. Меншік құқығын халық атынан мемлекет жүзеге асырады. Осыған байланысты халық өз шешімін қабылдауға тиіс.
Кездесу барысында сарапшылар еліміздегі демократияландыру үдерісін одан әрі жалғастыруды көздейтін конституциялық өзгерістер мен толықтырулар енгізуге қатысты қойылған сұрақтарға жан-жақты жауап берді. Өз кезегінде ұстаздар мен студенттер 5 маусымда өтетін референдумға ұйымшылдықпен қатысатындарын әрі ел болашағы үшін жасалатын маңызды қадамдарды толық қолдайтындықтарын білдірді.

https://egemen.kz/article/314061-azamattyq-qogham-dganhashyldyqty-qalaydy

By admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Читайте также