Пациенттер талдаулар мен жолдамаларды қағаз нұсқада шығаруға міндетті ме?
Сіз ота жасатуға дайындалып және барлық тексерулерден өтіп жүрсіз, ал емханада бұл қызметтерді алу үшін жақын арада жазылуға мүмкіндік жоқ, сол себепті сізді ақылы тексерулерге жіберді ме? Басқа клиникада олар қағаз нұсқадағы жолдаманы көрсетуді талап етті ме? Егер сіз әскери қызметте немесе шетелде оқыған болсаңыз, МӘМС үшін қарызды төлеуіңіз керек пе? Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры халыққа медициналық көмек алуды жеңілдету үшін жиі қойылатын сұрақтарға жауап дайындады. 1-СҰРАҚ: Маған жеке клиникада аяққа ота жасау жоспарланып отыр. Ол жерде отаны МӘМС есебінен жасауға болатынын айтты. Өз емханамнан өтуім үшін барлық қажетті тексерулердің тізімін берді. Бұл мүмкін бе? Ал мен емхананың өзімен жұмыс…