
Ақмола облысында ауылдық медицинаны жаңғырту: жаңа нысандар мен жаңартылған ауруханалар
Ақмола облысында ауыл тұрғындарын сапалы және қолжетімді медициналық көмекпен қамтамасыз етуге бағытталған «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасының жүзеге асырылуы жалғасуда. Жаңа амбулаториялар салу, ауруханаларға күрделі жөндеу жүргізу және оларды заманауи жабдықтармен жарақтандыру – осы ауқымды жұмыстың басты бағыттары. Бүгінгі таңда жоба аясында өңірде алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін 28 нысан салынып, пайдалануға берілді. Бұл дегеніміз, ауыл тұрғындары енді базалық медициналық қызметтер алу үшін аудан орталығына барудың қажеті жоқ. Жарқын мысал ретінде – Зеренді ауданы, Айдабол ауылындағы жаңа дәрігерлік амбулаторияны айтуға болады. А. ж. 5 ақпанында ашылған 448 шаршы метрлік заманауи ғимарат қажетті жабдықтармен толық жарақталған: жалпы тәжірибелік дәрігер кабинетінен бастап…