
Степногорск қаласында жұмысшы мамандықтарына сұраныс жоғары
Степногорск қаласында жұмысшы мамандықтарына деген сұраныс жоғары. Қазіргі таңда қалада 696 бос жұмыс орны бар, олардың басым бөлігі өндіріс, денсаулық сақтау және қызмет көрсету салаларына тиесілі. Бұл туралы қала әкімінің орынбасары Жанасыл Сабырұлы брифингте мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметінен. Әсіресе, өндірістік салада мамандар тапшылығы байқалады, бұл бағытта 365 бос жұмыс орны ашылған. Қазіргі уақытта кадр жетіспеушілігін сезініп отырған негізгі кәсіпорындардың қатарында «Степногорск ЖЭО», «Ремэнергомаш», «СГХК», «Степногорск машина жасау зауыты» және басқа да өндіріс орындары бар. Сондай-ақ медицина саласында 83, ал білім беру саласында 46 бос жұмыс орны ұсынылуда. Қала әкімінің орынбасары атап өткендей, жұмысшы мамандықтары бойынша орташа жалақы…