
Робот сот орындаушысы ақмолалықтарды ТЖК айыппұлының қосымша 25% төлеуден босатады
Робот сот орындаушысы ақмолалықтарды ТЖК айыппұлының қосымша 25% төлеуден босатады Еліміз бойынша E-ZanKomegi заң көмегінің бірыңғай ақпараттық жүйесі іске қосылды. Бұл жүйе арқылы азаматтар кез келген құқықтық сұрақтарына онлайн режимде жауап ала алады. Сондай-ақ, «Е-нотариат» атты бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйесі жұмыс істейді. Осы және өзге де цифрлық реформалар туралы Ақмола облысы Әділет департаментінің басшысы Баукен Алмеш Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде мәлімдеді, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметінен. E-ZanKomegi азаматтардың екі мыңнан астам адвокат пен заң кеңесшісінің білікті заң көмегіне қолжетімділігін жеңілдетеді. «Е-нотариат» жүйесі арқылы мүліктік өкімдерді қоспағанда, ерлі-зайыптылардың барлық сенімхаттары мен келісімдерін бейнеқоңырау арқылы онлайн режимде рәсімдеуге мүмкіндік беріледі. …