Атом қуаты адамзат игілігіне айналып келеді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен 6 қазанда АЭС салу жөнінде референдум өтеді. Қазір қоғам талқысындағы осы мәселеге орай елімізде атом энергетикасы кадрларын даярлау және оны бейбіт мақсатта пайдаланудың ерекшеліктері жөнінде Ядролық физика институты бас инженерінің орынбасары Асхат Бекбаевпен әңгімелескен едік. – «АЭС не үшін керек?» деген сұраққа мамандардың көбі елімізде электр энергиясы жетіспейді, атом энергиясы экономикалық жағынан тиімді, экологияға зияны жоқ деп жауап береді. Сіздіңше, АЭС Қазақстанды энергия тапшылығынан қалай құтқарады? Бір ғана АЭС салып, қуат жетіспеушілікті еңсере аламыз ба? – Энергия тапшылығы қазірдің өзінде бар. Біз Ресей мен Қырғыз мемлекетінен күнделікті электр энергиясын сатып алуға мәжбүр болып отырмыз. Көбіне…