АЭС салу – ел болашағы үшін маңызды
6-қазанда елімізде референдум өтеді. Оның аясында халық отанымыз - Қазақстанда АЭС салу мәселесі бойынша шешім қабылдайды. Ал, бұл тақырып өте маңызды! Атап айтқанда, экономика, экология, ғылым және т.б. күнделікті өмірімізге тікелей әсері бар көп саланы қамтиды. Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев биыл халыққа арнаған жолдауында бұл мәселе бойынша анық айтты: «Қазір әлемде энергия тапшылығы күшейіп барады. Елімізге сенімді және экологиялық таза қуат көздері аса қажет. Сондықтан біз атом энергетикасын дамытуға баса мән беруіміз керек деп ойлаймын. Себебі экономикамыз күн өткен сайын мол энергияны қажет етуде. Мұндай сұранысты атом энергетикасы қамтамасыз ете алады»Қасым-Жомарт Тоқаев Еліміздің әр өңірінде орналасқан өндіріс орындары, бизнес объектілері, тіпті…