
Ақмола облысындағы жұмыспен қамтуды қолдау бағдарламалары қалай жұмыс істеуде
Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы 2024 жылдың қорытындысы бойынша халықты жұмыспен қамту жөніндегі жұмыстың нәтижелерін шығарды. Сандарға қарағанда, жұмыс белсенді жүргізілуде: субсидияланатын жұмыс орындары бағдарламасы 3203 адамды жұмыспен қамтуға көмектесті. Ал ісін жаңадан бастаушы кәсіпкерлерді қолдауға 240 млн. теңгеден астам қаражат бөлінді. Облыстағы мемлекеттік жұмыспен қамту бағдарламалары жастардан бастап зейнетке шығар алдындағы жасқа дейінгі әртүрлі азаматтар санатын қамтиды. 2024 жылы субсидияланатын жұмыс орындары 3203 адамға берілді. Олардың ішінде – қоғамдық жұмыстарға қатысушылар, жастар практикасы, әлеуметтік жұмыс орындары, «Күміс жас» бағдарламасының қатысушылары, сондай-ақ алғашқы жұмыс орнын және «Ұрпақ келісімшарты» бағдарламасының қатысушылар бар. Жұмыспен қамтылғандардың барлығы дерлік (98%)…