
Біржан сал ауданы су тасқыны қаупіне дайындалуда
Біржан сал ауданы су тасқыны қаупіне дайындалуда Біржан сал ауданында су тасқынының қаупін алдын алу жұмыстары жүргізілуде. Бұл туралы брифингте аудан әкімінің орынбасары Есдәулет Кәленов мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметінен. Оның айтуынша, Біржан сал ауданында Есіл бассейндік инспекциясының бақылауында тұрған 13 гидротехникалық құрылыс бар. Көзбен шолу арқылы жүргізілген тексерулердің нәтижесінде көпшілігінің жағдайы қанағаттанарлық деп танылды, алайда жыл сайынғы мониторинг басты міндет болып қала береді. «Ең алдымен, Макинка ауылындағы №1, №2, №3 бөгеттері, сондай-ақ Құдықағаш, Бірсуат, Еңбекшілдер және басқа ауылдардағы гидротехникалық құрылыстарға ерекше назар аударылады», – деп атап өтті Есдәулет Кәленов. Биылғы жылдың негізгі мәселелерінің бірі – Құдабас ауылындағы…