
Референдумда дауыс беретін қазақстандықтар нені білуі керек
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 5 маусымдағы республикалық референдумға әрбір қазақстандық Конституцияға ұсынылып отырған негізгі өзгерістерден хабардар болып баруы керек. Бұл – заңгер Думан Базарбектің отандастарына берер кеңесі. ҚазАқпарат сарапшының республикалық референдумға шығарылатын заңнама өзгерістері туралы сараптамасын ұсынады. 5 маусымда елде жалпыхалықтық референдум өтеді. Бұл шараның жөні бөлек, жосығы ерек болғалы тұр. Конституцияның үштен бір бөлігі өзгеруі мүмкін. Ол үшін мұқым жұрт жұдырықтай жұмылуға тиіс. Осыған дейін Ата Заңның төрт рет өзгергенін білеміз. Бірақ бұған дейінгі өзгерістердің бәрі Парламент шешімі бойынша қабылданған еді. Енді халықтың еркіне беріліп отыр. Мұны билік пен бұқараның арасы тағы бір табан жақындай түсті деп топшылауға болатын шығар.…