
Конституциялық реформа. Қай бап қалай өзгереді. 72-бап Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Ата заңымыздағы Конституциялық кеңес туралы баптарды қамтыған алтыншы бөліміндегі құқықтық құжат түгел өзгерді. Соның бірі – 72-бап.
Екі тармақтан тұратын бап бұған дейін де бірнеше рет өзгертіліп, бірнеше рет түсіндірме берілген болатын. Ал осы жолғы референдумға ұсынылған жобада аталған бапқа тағы 3 тармақ қосылатыны көрсетілген. Жаңадан енгізілген үш тармақ негізінен Конституциялық соттың жұмысын, оған халық қалай жүгіне алатынын, оны кім арқылы жүзеге асыратынын айқындап береді. Мысалы 72-бапқа жаңадан енгізілген 3-тармақтың екінші бөлігінде «Азаматтардың Конституциялық Сотқа жүгіну тәртібі мен шарттары конституциялық заңда айқындалатыны» анық жазылған. Сонымен қатар, еліміздің «нормативтік құқықтық актілерінің Ата заңымызға сәйкестігін Бас Прокурордың өтініштері бойынша қарайтыны» айтылған. Яғни кез келген заңның Ата заңымызға сәйкестігін Бас прокурор анықтап, оны Конституциялық сотқа бекіттіреді деген сөз. Ал осы…