
Конституциялық реформа Заңға түзетулер енгізумен ғана шектелмейді — М.Әшімбаев
Парламент Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев AMANAT партиясы жанындағы «Талқылау» диалог алаңының отырысына қатысты. «REFERENDUM 2022: Жаңа Қазақстанның Конституциясы» тақырыбына арналған іс-шарада елімізде жүргізіліп жатқан саяси реформалар кеңінен талқыланды, деп хабарлайды Egemen.kz. Отырысқа AMANAT партиясының атқарушы хатшысы Асхат Оралов, Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі, журналист Мақсат Толықбай, Жоғарғы Сот жанындағы Сот төрелігі академиясының ректоры Зәуреш Баймолдина және тағы басқа сарапшылар қатысты. Өз сөзінде Мәулен Әшімбаев ашықтық пен демократия Жаңа Қазақстанның негізгі құндылықтарының бірі екенін айтты. Сондай-ақ ол жалпыұлттық референдум арқылы Конституцияға енгізу үшін ұсынылып отырған түзетулер осы құндылықтарға табан тірейтінін жеткізді. Сенат Төрағасы халықпен кездесуде азаматтар тарапынан Конституцияға енгізілетін өзгерістер мен…