АЭС арқылы энергетикалық тәуелсіздікке қол жеткіземіз!
6 қазанда елімізде АЭС салу мәселесі бойынша референдум өтеді. Осы орайда біз атом саласының мамандарына хабарласып, елімізде салынатын АЭС әлеуеті жайлы білдік. «Ядролық физика институты» РМК бас инженерінің орынбасары Асхат Бекбаев АЭС құрылысы жайында пікірімен бөлісті. Асхат Бекбаев, «Ядролық физика институты» РМК бас инженерінің орынбасары: - Қазіргі таңда Қазақстан күнделікті пайдаланатын электр энергиясын Ресей мен Қырғызстан елінен алуға мәжбүр болып отыр. Оның қуаты 2 гВ дейін сатып алып жатырмыз. Егер біз АЭС өз елімізде салатын болсақ, біз көрші мемлекеттерден сатып алмай, еліміздегі электр тұтынудың біраз бөлігін өзіміз жабатын едік. АЭС салу арқылы энергетикалық тәуелсіздікке қол жеткізе аламыз. Одан бөлек, АЭС…