Халықтық штаб Алматы облысындағы ірі кәсіпорын қызметкерлерімен кездесті
АЭС салуды қолдау жөніндегі Халықтық штаб мүшелері «Первый Пивзавод» ЖШС қызметкерлерімен атом электр станцияларын салудың геосаяси, экономикалық және әлеуметтік аспектілері талқылады. Штаб мүшесі Мақсат Сейдалиев атом энергетикасын дамыту Қазақстанның энергетикалық тәуелсіздігін нығайтуға, экономикалық өсуді қамтамасыз етуге және экологиялық тұрақтылықты арттыруға мүмкіндік беретінін атап өтті. Жиын барысында Қазақстанның көпвекторлы саясатының арқасында халықаралық серіктестермен тиімді қарым-қатынас орнату, атом электр станциясын салу шешімінің ел мүддесіне сәйкес келуі, және барлық ықтимал тәуекелдерді ескеру мәселелері көтерілді. «Атом электр станциясын салу туралы шешім күрделі геосаяси жағдайларды ескере отырып қабылданады. Бұл еліміздің стратегиялық мүдделерін көрсетеді және қауіпсіз әрі тиімді энергия көзімен қамтамасыз етеді», – деді Мақсат Сейдалиев.…