Тоқаев: Алдағы референдум – бұл елдегі саяси трансформацияның соңғы сатысы емес
Алдағы референдум – бұл елдегі саяси трансформацияның соңғы сатысы емес. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды қазАқпарат тілшісі. «Алдағы референдум – бұл елдегі саяси трансформацияның соңғы сатысы емес екенін атап өткім келеді. Бұл түптеп келгенде оның бастауы. Жұмыс енді ғана басталады. Өйткені, өмірдің өзі және азаматтардың қажеттілігі біздің алдымызға жаңа міндеттерді жүктейтіні сөзсіз. Біз саяси салада «талдырма терапия» орынсыз екеніне сүйенуміз қажет», - деді ҚР Президенті Ұлттық ғылым академиясының 75 жылдығына арналған салтанатты сессияда сөйлеген сөзінде. Мемлекет басшысының пайымынша, күрделі геосаяси ахуалда ол келеңсіз салдарға, құлдырауға, тіпті мемлекеттіктен айырылып қалуға әкелуі мүмкін. Сондықтан да осынау күрделі жолда…