Атом электр станциясы 60 жылдан астам уақыт тұрақты энергиямен қамтамасыз ете алады

Абай облысының АЭС құрылысы жөніндегі Халықтық штабтың мүшелері «Елімай» ЖШС ұжымымен  кездесу өткізді.

Халықтық штаб мүшелері «Елімай» ЖШС қызметкерлерімен кездесіп, атом электр станциясын салу жөніндегі республикалық референдум қарсаңында оның маңыздылығын талқылады. Атом электр станцияларын салу және пайдалану озық технологияларды, инновацияларды және ІТ шешімдерді енгізуді талап ететіндігі туралы Халықтық штаб мүшелері азаматтармен әңгімелесу өткізіп, толықтай ақпарат берді. Қазақстанда 2030 жылға қарай электр энергиясын өндіру сағатына 140,5 млрд. кВт-қа дейін ұлғаяды. Дегенмен, бұл халық тұтынатын энергияны өтеп бере алмайды. Сондықтан осы мәселе алдағы уақытта күн тәртібінен түспейтін маңызға ие болмақ. Бұл туралы кездесу барысында баяндаған штаб өкілдері электр тапшылығын жоюдың жалғыз жолы – атом электр станциясын салу екенін де атап айтты. Сондай-ақ, АЭС-тің елдің экономикасына, халықтың әлеуметтік тұрмысына пайдасын жақ-жақты түсіндірді.

«Қоғамдық диалог пен АЭС құрылысы бойынша шешімдер қабылдау үдерісінің ашықтығын қамтамасыз ету үшін өңірлерде қоғамдық тыңдаулар ұйымдастырылды. Әлеуметтік желілер мен интернет-платформаларда атом электр станцияларының құрылысы туралы талқылаулар белсенді жүргізілуде. Бұл платформалар әркімге өз пікірін білдіріп, жобаның оң және теріс жақтарын басқа қатысушылармен талқылауға мүмкіндік береді. Бұл пікірталас үшін кеңістік ашады және қоғамдық көңіл-күйді анықтауға көмектеседі және әзірлеушілерге кеңірек пікірлер мен ұсыныстарды есепке алуға мүмкіндік береді. Түптеп келгенде, атом электр станциясын салу туралы түпкілікті шешім демократияның құралы – референдум арқылы қабылданады» — деп жауап берді штаб мүшелері.

Штаб мүшелері Гульбаран Акшабаева, Мерей Смагулов Пpeзидeнттің  бaстaмaсын  қoлдaйтындapын aйтып, AЭС құpылысы кeлeшeк ұpпaқ үшін тұpaқты энepгия көзі eкeнінe сeнім білдіpді. Және де «Бұл жоба ел үшін стратегиялық маңызы бар, Қазақстанның тәуелсіздігін қолдайтын және өзінің энергетикалық ресурстарын дербес басқаруға мүмкіндік беретін сенімді және тұрақты энергиямен қамтамасыз етеді.  Сондықтан дұрыс шешім қабылдап, 6 қазан күні өз таңдауларыңызды жасауға шақырамын» — деп атап көрсетті өз сөзінде штаб мүшесі Мерей Смагулов.

АЭС бойынша түсіндірме жұмыстары айдарлы ауылында жалғасын тапты

Жетісуда аудандық халықтық штаб мүшелері Айдарлы  ауылында жергілікті тұрғындармен кездесу өткізді. Жиында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа арнаған жолдауына байланысты бірнеше маңызды мәселе талқыланды, әсіресе атом электр станциясының ұтымды тұстары мен маңызы ерекше назарға алынды.

Кездесуде сөз сөйлеген штаб мүшесі Молот Солтанаев АЭС-тың Қазақстан экономикасы үшін қаншалықты маңызды екендігін түсіндірді. Оның айтуынша, әлемнің дамыған елдері атом электр станцияларынан тоқ көзін үздіксіз өндіріп, оны тиімді пайдаланып отыр. Қазіргі уақытта елімізде электр энергиясының жетіспеушілігі байқалуда, ал болашақта зауыттар мен фабрикалардың көптеп ашылуымен энергетика саласындағы жағдай күрт нашарлауы мүмкін. Осы себепті АЭС-ты енгізу арқылы туындайтын проблемалардың алдын алу қажеттілігі туралы сөз қозғады.

Алмас Токсанбаев өз сөзінде қазіргі таңда климаттық және экологиялық өзгерістердің орын алуына байланысты жел мен күн арқылы алынатын энергия көздерінің тұрақсыздығына назар аударды.

«Күн және жел электр станциялары ауа райы жағдайына тәуелді және тұрақты энергиямен қамтамасыз ете алмайды. Сонымен бірге экологиялық стандарттарды нығайту көмір мен газ өндіруді дамытуға шектеулер тудырады. Бұл жағдай жаңа тұрақты және экологиялық таза энергия көзінің қажеттілігін тудырады. Атом электр станциясы бұл мәселенің бірден-бір шешімі болуы мүмкін. Атом электр станциясы 60 жылдан астам тұрақты энергиямен қамтамасыз етуге қабілетті. АЭС құрылысы энергетика мен өнеркәсіп өндірісін әртараптандыруға ықпал етеді», — деді ол.

Штаб мүшесі Кусайын Илямов өз сөзінде, егер біз болашақ ұрпақтың жайлы өмір сүруін қаласақ, бұл мәселеге бей-жай қарамай, дұрыс шешім қабылдауымыз керек деп атап өтті. Ол әрбір азаматтың референдумда дауыс беру кезінде ойланып шешім қабылдау керектігін айтты, себебі бұл тек қазіргі емес, болашақ ұрпақтың да өміріне әсер етеді.

Ақпаратпен мұқият танысқан жергілікті тұрғындар АЭС салу мәселесін қолдайтындықтарын ашық білдіріп, штаб мүшелеріне ризашылықтарын білдірді. Кездесу барысында тұрғындар АЭС-тың еліміздің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажетті екенін түсініп, бұл бастаманы қолдауға дайын екендіктерін көрсетті.

 

By admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Читайте также