Қасым-Жомарт Тоқаев референдумда дауыс берді

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев референдумда дауыс берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Мемлекет басшысы елордадағы Оқушылар сарайында орналасқан №59 дауыс беру учаскесіне келді. Президент осы учаскеде бюллетень арқылы республикалық референдумда өз таңдауын жасады. Бүгін референдум барысында ел тұрғындары Конституциямыздың 33 бабына 56 өзгеріс енгізу мәселесіне қатысты өз дауысын береді. Республика бойынша 10 013 референдум учаскесі іске қосылады. Ал республикалық референдумға қатысу құқығы бар азаматтардың тізімі 11 млн 722 мың 536 адамды құрайды. Сонымен қатар ҚР Сыртқы істер министрлігі 52 шет мемлекеттегі Елшіліктеріміздің жанынан 65 учаскелік референдум комиссиясын құрды. Айта кетейік, осыдан тура бір ай бұрын ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 5 маусымда республикалық референдум өткізу туралы Жарлыққа қол қойған еді.

https://www.inform.kz/kz/kasym-zhomart-tokaev-referendumda-dauys-berdi_a3940760

 

By admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Читайте также