АЭС құрылысы экономиканың дамуына серпін береді

АЭС құрылысы қалай жүргізіледі және жергілікті тұрғындардың өміріне қалай әсер етеді? Атом энергиясын пайдалану қандай артықшылықтар әкеледі? Экологияға әсері қандай?  Бұл сауалдарға Мәжіліс депутаты Еркін Әбіл жауап берді. 

АЭС сияқты үлкен құрылысты жүргізудің экономикаға аккумулятивтік әсері бар. Станция салынып жатқан кезде он мыңға жуық адам еңбек етеді. Олардың қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін құрылыстың маңында үлкен инфрақұрылым қажет болады. Сондай-ақ транспорт жүйесінің, сауда орындарының пайда болуы да жергілікті экономиканың дамуына түрткі болады.

Ал құрылыс аяқталып, станция жұмысын бастағанда 2000 адам тұрақты жұмыспен қамтылады.  Оның ішінде 400 адам ғана реактрмен тікелей жұмыс істейді. Қалған жұмысқа жергілікті халық тартылады. АЭС маңында кішігірім қала болады. Онда тұрғындардың өмір сүруіне қажетті балабақша, мектеп, аурухана, транспорт жүйесі, сауда орындары ашылады. Міне, мұның бәрі жергілікті сол жердің экономкиасы мен әлеуметтік дамуына серпін береді. Сондай-ақ ұлттық жоба ретінде бүкіл ел экономикасына жағымды әсері бар. Өйткені өте қымбат емес, арзан электр  қуатын пайдаланса, тауар өндірушілер тарифтерді төмендетуге мүмкіндік алады. Отандық өндірушілер сыртқы нарыққа арзан өніммен шығара алады.

Кезінде Беларусь сондай жолмен жүрді. Бұл елде АЭС құрылысы 2012 жылы басталып, 2020 жылы аяқталды. Қазір Беларусьте электр қуатының  30 пайызы АЭС-те өндіріледі. Әрі электр қуатын неғұрлым көп пайдаланса, соғұрлым арзанға түседі. Ауыл шаруашылығы мен өндірісте өнім өндіру арзан болған соң, тасымал шығынын есептегенде де тауарын арзан бағамен сатуға мүмкіндік алады. Осы жақсы  тәжірибені бізге де пайдалану керек.

АЭС пайда келтіру үшін, оның құрылысын тезірек бастап тезірек аяқтау керек. Ұшақты жерден көтеру қиын, бірақ автопилотпен ұша береді. АЭС те солай, іске қосылған соң 70 жыл бойы істей береді,  тек отынын ауыстырып тұру керек. Сондықтан қаншалықты қымбатқа түссе де, жұмсалған қаржыны жылдам қайтаруға  болады.

Экологиялық жағынан АЭС — ең таза генерация. Қазіргі технологиялар бойынша радиоактивтік материалдармен  адам жұмыс істемейді, бәрі автоматтандырылған. Ядролық энергетиканы ең таза деуге болады.

Жалпы бізге әр түрлі көздердің балансы керек. Болашақта жел қуаты мен күн сәулесі сияқты балама көздерді пайдалануды 30 пайызға жақындату керек. 30 пайызын осы ядролық энергетикадан алынса, қалғанын газ, мүмкін көмір де қалатын шығар. Сондай тепе-теңдік жасап, әр түрлі көздерді пайдалану – Қазақстан энергетикасының болашағы деп ойлаймын.

Еркін Әбіл,

Мәжіліс депутаты   

By admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Читайте также