Айтыс – қазақ халқының бай ұлттық мұраларының бірі, импровизатор-ақындардың сайысы.
«Ақындар айтысы» сайысы – бұл еліміздің барлық білім беру ұйымдарын біріктіруге міндеттелген үлкен жоба.
Ақындар айтысының мақсаты: қазақ халқының ұлттық құндылығы, шешендік өнер арқылы мәдениеттің баға жетпес мұрасы ретінде айтысты жан-жақты насихаттау, ұлттық рух пен патриотизмге, өз халқына және оның дәстүрлеріне деген құрмет сезімін тәрбиелеу, талантты шығармашылық жастарды анықтау.
«Ақындар айтысы» айлығын өткізу қорытындысы бойынша 2023 жылғы 24 қазанда Атбасар қаласындағы №7 жалпы білім беретін мектепте №7,8 мектептердің 8-11 сынып оқушылары арасында айтыс өтті. Қатысушылар «Тілім – тұмарым» тақырыбында бақ сынасты. Бағалау үшін аудандық Атбасар Простор редакциясының редакторы Серік Заманұлы Шайхин, педагогикалық еңбек ардагері Атлас Қонысбайқызы Қонысбаева, балалар музыка мектебінің оқытушысы Сауле Сағымбайқызы Бекенова, шақырылды. Айтыс қорытындысы бойынша жүлделі орындар анықталды: бас жүлде — Азат Альбина,№8 ЖББМ 11 сынып оқушысы, 1 орын – Уатхан Нұралы, №7 ЖБМ 8 сынып оқушысы, 2 орын – Иманәлі Мұхамеджан, №8 ЖББМ 8 сынып оқушысы, 3 орын – Амангелді Сұңқар. Балалар жетекшілері Құрмет Нұрдыбек, №7 ЖББМ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі және №8 ЖББМ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Қазымбек Индира Қуанышбайқызы болды.
Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі №7 ЖББМ әкімшілігіне директоры Алкенова Нұрсұлу Амандыққызына, директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Смағұлова Бақыт Серікқызына іс-шараны ұйымдастырғаны үшін алғысын білдіреді.