Ақмола облысының ветеринариялық қызметі эпизоотиялық қауіпсіздік шараларын күшейтуде

Ақмола облысының ветеринариялық қызметі эпизоотиялық қауіпсіздік шараларын күшейтуде

 

Ақмола облысында аса қауіпті жануарлар ауруларының алдын алу және бақылау бағытында кешенді жұмыс жалғасуда. Өңірдің ветеринариялық қызметі ауыл шаруашылығы жануарлары мен құстарын вакцинациялау және диагностикалау бойынша ауқымды науқанды жүзеге асыруда, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

 

Ақмола облысының ветеринария басқармасының басшысы Талғат Жүнүсовтің айтуынша, биыл 6,4 миллион бас малға вакцина егу жоспарланған. Қазіргі таңда 2,9 миллион басқа вакцина егілді, бұл жылдық жоспардың 45,3 пайызын құрайды.

 

“Басты мақсат — аусыл, сібір жарасы және бруцеллёз сынды аса қауіпті инфекциялардың таралуына жол бермеу. Бұл тек мал шаруашылығын қорғау ғана емес, сонымен қатар өңірдің азық-түлік қауіпсіздігіне қосылған үлес. Сондықтан біз алдын алу шараларын күшейтіп отырмыз”, — деді Талғат Жүнүсов.

 

Сонымен қатар, жануарларды диагностикалық тексеру де белсенді түрде жүргізілуде. Жыл соңына дейін 1,3 миллион бас мал тексеруден өтуі тиіс. Бүгінде зертханалық талдау үшін 640 қан сынамасы алынды. Нәтижесінде 250 бас ірі қара мен 30 бас ұсақ малдан бруцеллёз белгілері анықталып, барлығы санитарлық союға жіберілді.

 

“Диагностика аурудың жасырын ошақтарын дер кезінде анықтауға және оның таралуына жол бермеуге мүмкіндік береді. Бұл – өңірдегі тұрақты эпизоотиялық жағдайдың негізі”, — деп атап өтті басқарма басшысы.

 

Талғат Жүнісов сондай-ақ ветеринариялық мамандардың күнделікті еңбегінің маңыздылығын атап өтті:

 

“Біздің мамандар күн сайын ауылдық жерлерде, кейде ауа райының қолайсыз жағдайында еңбек етеді. Олар тек емдеп қана қоймайды — олар ауыл экономикасын және халықтың денсаулығын қорғайды. Олардың кәсібилігінсіз ветеринариялық қауіпсіздік жүйесін елестету мүмкін емес”, — деді ол.

 

Оның айтуынша, фермерлермен, жергілікті атқарушы органдармен және зертханалық қызметтермен тиімді ынтымақтастықтың арқасында кез келген жағдайға жедел әрекет етуге мүмкіндік бар. Вакцинация және диагностика жұмыстары жоспарлы түрде жалғаса бермек.

 

“Біз қоғам алдындағы жауапкершілігімізді жақсы түсінеміз. Ветеринариялық қызмет өңірдің санитарлық-эпидемиологиялық тұрақтылығын қамтамасыз етіп, агроөнеркәсіптік кешеннің орнықты дамуына үлес қоса береді”, — деп қорытындылады Талғат Жүнісов.

By admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Читайте также