«2024 жылдың І жартыжылдығының қорытындысы бойынша облыста паразиттік және трансмиссивті аурулар бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты»,-дейді бүгінгі брифингте Ақмола облысы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің орынбасары, Ақмола облысы СЭБД басшысының міндетін атқарушы Серік Омарханов.
Паразиттік аурулар бойынша облыстық көрсеткіш 2023 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 1,2 есеге төмендеп, 100 мың тұрғынға шаққанда 41,7 құраған.
Облыста гельминтоздың 320 жағдайы, оның ішінде гельминтоздардың 261 жағдайы және ішек протозойлық инвазиялардың 59 жағдайы тіркелген.
«Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда эхинококкозбен сырқаттанушылықтың 1,4 есе немесе 2 жағдайға өсуі байқалады.
Энтеробиоз, лямблиоз, описторхоз 1,2 есе, аскаридоз 1,6 есе төмендегені анықталды»,-дейді спикер Омарханов.
Тіркелген гельминтоздардың басым бөлігі энтеробиоз 75,3% құрайды, қарқынды көрсеткішпен 14 жасқа дейінгі балалар арасында 223 жағдай тіркелген, сырқаттанушылық құрылымындағы балалар халқының үлес салмағы 92,5% құрады.