Ақмола облысының ЭТТД қаржылық қылмыстармен күресуде: халыққа арналған дәрістер мен ескертулер
Ақмола облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті қаржылық қылмыстарға қарсы іс-қимылға ерекше назар аудара отырып, «Заң және тәртіп» мемлекеттік тұжырымдамасын іске асыру бойынша белсенді жұмысты жалғастыруда. Осы ретте, цифрлық технологиялардың қарқынды дамуы және алаяқтық схемалар санының өсуі жағдайында халық арасында профилактикалық жұмыс ерекше өзектілікке ие боладуда.
«Заң және тәртіп» ұлттық бастамасы аясында ЭТТД қызметкерлері ауқымды түсіндіру іс-шараларын жүргізуде. Мекеме қызметкерлері мемлекеттік және бюджеттік ұйымдардың қызметкерлерін, еңбек ұжымдарының, жастар бірлестіктері өкілдерін, ЖОО студенттерін және орта мектеп оқушыларын қаржылық алаяқтықтың неғұрлым кең таралған схемалары туралы хабардар етуде.
26 маусымда ЭТТД қызметкері Е. А. Қалелов Ақмола облысы Денсаулық сақтау басқармасының қызметкерлері үшін дәріс сабағын өткізді. Іс-шара барысында қаржы пирамидаларының белгілері, лудоманияның қауіптілігі және азаматтарды «дропперлер» ретінде қылмыстық әрекетке тарту тетіктері егжей-тегжейлі қарастырылды. Тыңдаушылар алаяқтық әрекеттерден қорғану бойынша практикалық ұсыныстар алды.
Ақмола облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті азаматтарды қырағы және сақ болуға, алаяқтардың айла-амалдарына берілмеуге және күдікті әрекеттер туралы құқық қорғау органдарына дереу хабарлауға шақырады. Тек бірлескен күш-жігермен ғана қаржылық қылмыстарға тиімді қарсы тұруға және өңірдің қаржы саласының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге болады.