Ақмола облысында жылу жүйесі жақсарып келеді

 

2024 жылы Ақмола облысының жылу жүйесі айтарлықтай жаңғыртылып, өңірдің энергетикалық инфрақұрылымы жаңа деңгейге көтерілді. Бұл жұмыс үшін жалпы 39,9 миллиард теңге бөлінді, оның ішінде негізгі қаржы бөлімі жылу жүйелерінің жаңғыртылуы мен жөндеу жұмыстарына бағытталды,- деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметінен.

Облыс бойынша 2024 жылғы жылу қазандықтарының жөндеу жұмысына 22,6 миллиард теңге бөлініп, инвестициялық жобаларды іске асыруға және қажетті энергетикалық ресурстарды сатып алуға жұмсалды.

Жылу маусымына дайындық аясында 1142 қазандық, 786 білім беру, 567 денсаулық сақтау мекемесі және 2642 тұрғын үй жылу беру маусымына дайындық жұмыстарын толық аяқтады. Сонымен қатар, 35,2 км жылу желісі жөнделді, оның ішінде 11 км ағымдағы жөндеу, 22,2 км күрделі жөндеу және 2 км реконструкциялау жұмыстары жүзеге асырылды.

Мәселен, Көкшетау қаласында жылу желілерін жөндеуге 3,7 миллиард теңге бөлініп, 6 км жылу желісі жаңартылды. Сондай-ақ, қаланың қазандықтары мен жылу көздеріне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Степногорск қаласына 2,7 миллиард теңге бөлініп, 7,9 миллиард теңге Степногорск жылу электр орталығын жаңғыртуға жұмсалды. Бұл жұмыстардың нәтижесінде Степногорск қазандықтарының 85%-ы жаңартылды, ал қалған жұмыстар 2025 жылға дейін аяқталады.

Атбасар қаласына да 0,8 миллиард теңгеге жылу желілері жөнделді, бұл жұмыс толық аяқталды. Сондай-ақ, Бурабай мен Ерейментау аудандарында 11 км жылу желісі қайта жаңғыртылды.

Осы жылы өңірде жаңа жылу желілерін салу жұмыстары да белсенді түрде жүргізілді. Мысалы, Щучинск қаласының Ремзавод микрорайонына 3,9 км жылу желісі салынып, жұмыстың 100%-ы аяқталды. Жоба бойынша құрылыс жұмыстарын «Алматыинжстрой» компаниясы жүзеге асырды.

Сондай ақ Щучинск қаласындағы Щипт көшесі бойынша жаңа жылу желісі құрылды. Бұл жобаға жалпы 232,6 миллион теңге бөлініп, 700 м жылу желісі жүргізілді. Жоба бойынша жұмыс толық аяқталды.

Щучинск қаласының Горный микрорайонына жылу желілерін салу жұмыстары да осы жылы аяқталды. 3,2 км жылу желісі бойынша құрылыс жұмыстарын «SHEBERBUILD» компаниясы жүзеге асырды. Бұл жоба бойынша қаржыландыру толықтай қамтамасыз етіліп, жұмыстар 100%-ға орындалды.

Ерментау ауданында да жаңа магистральдық жылу трассасын салу жұмыстары жүргізілді. Әлжанова және Әл-Фараби көшелері бойынша 1,4 км және 1,9 км жылу желісі салынды. Республикалық бюджеттен 161 миллион теңге қаржы бөлініп, жұмыстар толықтай аяқталды.

Алдағы уақытта Ақмола облысында жылу жүйелерін әрі қарай жаңғырту және тиімділігін арттыру бойынша жұмыстар жалғасын табады. Бұл өңірдегі халықтың сапалы және үзіліссіз жылумен қамтамасыз етілуін қамтамасыз ету үшін маңызды қадам болып табылады.

By admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Читайте также