Ақмола облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру қалай жүргізілуде

 

Бұл туралы брифингте Ақмола облысы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының басшысы Шолпан Рахматуллина хабарлады.

2024 жылы бекітілген Өңірлік карта және Облысты дамыту жоспары аясында жаңа жұмыс орындарын, оның ішінде тұрақты шамамен 26 мың, уақытша шамамен 6,5 жұмыс орындарын құру жоспарланып отыр.

7 айдың қорытындысы бойынша 16 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылған.

Ұлттық жобалар мен Тұжырымдамалар аясында инфра құрылымдық жобаны іске асырумен азаматтар жұмысқа орналастырылды.

Ағымдағы жылды қандас мәртебесі 398 отбасына беріліп, Өңірлік квотада көрсетілген қандастар қабылданды.

Облыс бойынша атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып, 1 жастан 6 жасқа дейінгі 2047 балаға қосымша төлем төленген.

Ақмола облысы бойынша «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасын орындау бойынша Жол картасын іске асыру шеңберінде Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің жанынан Степногорск, Қосшы қалаларында, Атбасар, Бурабай, Шортанды және Зеренді аудандарында 6 отбасын қолдау орталығы құрылды.

Ағымдағы жылы мүгедектігі бар адамдарды қамтамасыз етуге шамамен 1 млрд.600 млн. теңге көзделген.

«Мүгедектігі бар адамдарға қолдау көрсету нысандарының бірі «Инватакси» қызметтері болып табылады. Қызметті алу үшін ДКК-мен (дәрігерлік-консультативтік комиссия) қызмет көрсететін ұйымға анықтама ұсыну қажет. Инватакси автопаркін кеңейту мақсатында ағымдағы жылы екі мамандандырылған автокөлік сатып алынып, Ақкөл ауданы мен Көкшетау қаласына берілді»-дейді, Шолпан Рахматуллина.

Мансаптық орталықтармен жұмыспен қамтудың белсенді шаралары, қамту жұмыстары жүргізілуде.

Сондай-ақ, тұрақты негізде жұмыспен қамту органдарымен бірлесіп Бос орындар жәрмеңкесі өткізілетін болады.

By admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Читайте также