Ақмола облысында «Әділдік және өркендеу» қоғамдық қорының өңірлік өкілдігі мен облыстық сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті арасында тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша ынтымақтастық туралы меморандумға ресми қол қойылды.
Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен шараға аталмыш қордың өңірлік өкілдігінің басшысы Бақыт Смағұл мен департамент басшысы Ерлан Әубәкіров, сондай-ақ, БАҚ өкілдері қатысты.
Меморандум жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі бірлескен күш-жігерге, сондай-ақ сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы тиімді бастамаларды әзірлеуге және іске асыруға бағытталған.
Серіктестік заңнаманы жетілдіру, мемлекеттік органдармен үйлестіру және халық пен кәсіпкерлер арасында құқықтық сауаттылықты арттыру үшін білім беру іс-шараларын жүргізуді көздейді.
Тараптар сондай-ақ жұртшылықты құқықтар мен қорғаудың қолжетімді тетіктері туралы белсенді түрде хабардар етуді жоспарлап отыр.
Бұл меморандумға қол қою қазақстандықтардың құқықтарын қорғау және сауда саласындағы ашықтық пен жауапкершілікті арттыру үшін жағдайларды жақсарту жолындағы маңызды қадам болмақ.