Ақмола облысында психологиялық қолдау орталығы жұмыс істейді

 

Биылғы жылдың сәуір айынан бастап Ақмола облысында оқушылардың, ата-аналар мен педагогтардың психикалық денсаулығын қорғауға және нығайтуға бағытталған психологиялық қолдау орталығы жұмыс істейді. Мекеме жұмысын бастағаннан бері орталыққа 100-ден астам өтініш түскен. Оның көпшілігі отбасылық дауға, балалар мен олардың ата-аналарына және мұғалімдердің жұмысына қатысты. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Орталық директорының м.а. Сайран Шөкімова мәлім етті. деп хабарлайды өңірлік коммуникациялар қызметі.

Мекеме басшысының айтуынша, орталық дағдарыс жағдайында көмек көрсетеді, қорқытудың алдын алу және оқушылар арасында суицидтік көңіл-күйді анықтау бойынша жұмыстар жүргізеді.

 «Біз білім беру процесінің барлық қатысушылары үшін бірыңғай психологиялық көмек жүйесін құруға тырысамыз. Балалар, ата – аналар мен педагогтар әрқашан кәсіби қолдау сұрай алатынын білуі маңызды», — деді Сайран Шөкімова.

Психологииялық қолдау орталығы өз қызметін консультациялық-дамытушы, ғылыми-әдістемелік, ұйымдастырушылық, мобильді әрекет ету, кәсіби құзыреттілікті арттыру, ведомствоаралық және ведомствоішілік өзара іс-қимыл, халықаралық ынтымақтастық бағыттары тәрізді 7 бағыт бойынша жүзеге асырады.

«Кәмелеттік жасқа толмағандарға қатысты өңірде болып жатқан жағдайларға психологиялық орталық тарапынан тез арада әрекет етеміз. Сонымен қатар осындай жағдайға тап болғандарға көмек көрсетеміз. Орталық тарапынан кәмелеттік жасқа толмағандарға көрсетілетін барлық көмек тек баланың ата-анасының рұқсатымен жүргізіледі» — деп толықтырды орталық басшысы.

Орталықта арнайы жеке консультация жүргізу үшін 2 жеке бөлме және топтық жұмыстар үшін үлкен бөлме қарастырылған.

Облысымыздың білім басқармасының қолдауымен, осы оқу жылында  облысымыздың білім беру ұйымдарын психологиялық-педагогикалық бақылаудың автоматтандырылған жүйесімен (АСППМ) жұмыс жасауға енгізу жұмыстары ұйымдастырылған. Бұл жоба білім беру ұйымдарының психологиялық қызметтерінің жұмысын бірыңғай стандарттарға көшуіне септігін тигізеді. Автоматтандырылған жүйеге Ақмола облысының 63 мектебі, 2 колледжі еніп отыр. Оның ішінде Целиноград ауданында – 34, Аршалы – 23, Қосшы — 6 мектеп, Көкшетау қаласында жоғары техникалық колледж және Шағалалы жоғары агротехникалық колледжі бар

By admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Читайте также