Ақмола облысында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын көтеру рәсімі өтті

 

Бүгін Көкшетаудағы Ту тұғыры алаңында Қазақстан Республикасы күніне орай Мемлекеттік Туды көтеру салтанатты рәсімі өтті. Іс-шараға Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов, сондай-ақ қала тұрғындары, қоғам қайраткерлері, өңір жастары қатысты. Ту көтеру рәсімі Мемлекеттік гимннің сүйемелдеуімен іске асты.

Жиналған жұртшылықты құттықтай отырып өңір басшысы аталмыш мерекенің Қазақстан халқының бірлігі, патриотизмі мен ұлттық санасының нышаны ретіндегі маңыздылығын атап өтті.

Іс-шара аясында өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосқан ақмолалықтарға «Еңбек ардагері» медалі мен «Жомарт жан» төсбелгісі табысталды. Оған қоса, Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлері, су тасқынымен күреске атсалысқан азаматтар құрмет грамоталарымен, облыс әкімінің алғыс хаттарымен және ақшалай сертификаттармен марапатталды.

Айта кетейік, Мемлекеттік Туды көтеру рәсімі Ақмола облысының қалалары мен аудандарында да өтті.

By admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Читайте также